Алматы облысында тікұшақ құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында тікұшақ құлады © Tengrinewstv.kz

Алматы облысында Талдықорғанға жақын маңда екі орынды, автожир классындағы тікұшақ құлады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ТЖД басшысы Сәбит Битаев айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Талдықорғанға жақын маңда екі орынды, автожир классындағы тікұшақ құлады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ТЖД басшысы Сәбит Битаев айтып берді.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан ұшқыш қаза тапты. Оқиға орнында құтқарушылар мен құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс істеп жатыр. Тікұшақ жол құрылысы жүріп жатқан Көксу ауданында апатқа ұшыраған. Алдын ала болжам бойынша, автожир жоғары вольтты электр өткізгіш желісін іліп өткен. Толық ақпаратты ТЖД әзірше таратқан жоқ.

 

 Мұның алдындағы тікұшақ апаты 2012 жылы қарашада Алматы облысында болған еді, ол кезде Ми-8 Алакөл өзенінің маңына құлады. Тікұшақ бортында сегіз адам болды, барлығы қаза тапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети