Алматы облысында ХҚКО-ға келген адамның қайтыс болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ХҚКО-ға келген адамның қайтыс болуына байланысты жаңа деректер белгілі болды Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматы облысында ер адамның ХҚКО-да қайтыс болуының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ер адамның ХҚКО-да қайтыс болуының мән-жайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек екені белгілі болды. Ол ұлымен Боралдай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген екен. Ол сол жерде 2008 жылдан бері тұрып келген. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, оған аяғының жоқтығына байланысты мүгедектік берілген. Ер адам протездің көмегімен жүріп-тұрған. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, оқиғадан бұрын ер адамның хал-күйі нашарлаған. Ер адамның ұлы таза ауа жұту үшін далаға ертіп шыққан және бірден жедел жәрдем шақыртқан.

Осыған дейін, Алматы облысында ХҚКО-ға уақытша тіркеуге келген ер адамның қайтыс болғаны хабарланған. Полицейлердің мәліметінше, оқиға Іле ауданындағы Өтеген Батыр ауылында, сағат 15.00 шамаларында болған. Ер адамның көшеде тұрған көлігіне отырғаннан кейін қайтыс болғаны айтылды. 

Қазіргі уақытта полицейлер өлім дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети