Алматы облысында жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жер сілкінісі болды © Tengrinews.kz мұрағаты

Алматы облысында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері 6 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 05.28-де Алматы облысының аумағында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 251 шақырым қашықтықта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 9,4, тереңдігі - 10 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін де Алматы облысында магнитудасы 4,1-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 27 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.36-да тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 263 шақырым қашықтықта болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети