Алматы облысында жоғалған бес жасар қыз өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қыздың отбасының көршісі хабарлады.
Бес жастағы Хуршидам Жапарова 4 маусымда шамамен 11.00-де Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылында жоғалған болатын. Көршісінің айтуынша, қыздың денесін жергілікті тұрғындар мен полиция қызметкерлері 6 маусымда шамамен 01.00-де үйдің маңындағы су ағызу құбырынан тапқан. Қазіргі уақытта қыздың денесі мәйітханаға жеткізілді, мұнда оның өлімінің себебін анықтауға және дене зақымына қатысты сот-медициналық сараптама жүргізіледі.
Еске салайық, қыздың жоғалғаны жайлы мәлімет әлеуметтік желілерде 5 маусымда таралған еді.