Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты © Tengrinews.kz

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Кербұлақ ауданында таңғы 5:50 шамасында "Көктал - Сарыөзек" тасжолының 140-шы шақырымында болған. Toyota Camry 30 және Mazda 626 автокөліктері соқтығысқан. 

"Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Тағы алты адам әр түрлі дене жарақатымен Сарыөзек ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Аурухананың жансақтау бөлімінде зардап шеккендердің бірі қаза тапты. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети