Алматы облысындағы әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлар қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлар қаза тапты

Алматы түбінде апатқа ұшыраған санавиация ұшағының бортында болған дәрігерлердің аты-жөндері анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы түбінде апатқа ұшыраған санавиация ұшағының бортында болған дәрігерлердің аты-жөндері анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған. 

"Алматыдан санитарлық авиация бригадасы сағат 18.39-да ұшып шыққан. Бортта Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы болған", - делінген хабарламада. 

Бортта науқастың болмағаны айтылады. Ұшу Республикалық санитарлық авиация орталығы мен East Wing әуекомпаниясының келісімшарты бойынша АН-28 ұшағымен жүзеге асырылған. Бортпен байланыс үзілген. Ұшақ Алматы түбінде табылған. Бес адамның мәйіті табылған.  

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан медициналық жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтады және моральдық әрі материалдық көмек көрсетеді", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Қаза тапқан қалған үшеуі, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің хабары бойынша, экипаждың мүшелері болған. Олар - Қырғызстан азаматы, әуе кемесінің командирі Г.Н.Цой, екінші пилот, Қазақстан азаматы Е.Кутафин.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан. 

Әуе кемесі Польшада 1990 жылы шығарылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети