Алматы облысының тұрғыны туған анасын пышақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының тұрғыны туған анасын пышақтады © Рtzgovorit.ru

Үштөбе тұрғыны өзінің анасы мен көшеде кетіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үштөбе тұрғыны өзінің анасы мен көшеде кетіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 мамыр күні аудандық ауруханаға екі ер адам мен 48 жастағы әйел пышақ жарақатымен түскен. Әйел үшеуін де өзінің 24 жастағы ұлы пышақтағанын айтыпты.

"Қылмыстың анасы мен ұлының арасында шыққан жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Әйелге өткінші екі адам келіп көмектеспекші болады. Дегенмен 24 жастағы жігіт үшеуіне де пышақ жарақатын салып, кейін қашып кеткен. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтағаннан кейін оны ұстады. Қазір күдікті қамауға алынды", - деді облыстық полиция өкілдері. 

Жарақат алғандардың екеуі үйлеріне жіберілді. Ал ауыр жарақат алған үшінші адам ауруханада ем алып жатыр. Осы дереутер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети