ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 маусым 2018 09:19
Алматы орталығында бес қабатты үйден өрт шықты
Алматы орталы?ында бес ?абатты ?йден ?рт шы?ып, 100 адам эвакуациялан?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ТЖК баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Алматы орталығында бес қабатты үйден өрт шығып, 100 адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл мен Мұратбаев көшелері қиылысындағы тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққан.
Құтқарушылардың айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, өрт шалған аумақ - 200 шаршы метр.
Үйден 100 адам эвакуацияланған, оның 20-сы балалар. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Өрт сөндірумен 40 адам мен 17 дана техника айналысып жатыр. 8.43-те өрт ауыздықталған.
© Алматы қалалық ТЖД
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу