Алматыда Абай даңғылы мен Сейфуллин көшеcінің қиылысы маңында Huinday Sonata өртеніп кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның куәгері хабарлады.
Куәгердің айтуынша, өрт Сейфуллин мен Масанчи көшелерінің арасында шамамен сағат 14.00-де болған. "Көлік қатты өртенді. Содан жолда кептеліс пайда болды. Көліктің жүргізушісі жайлы мәлімет жоқ. Көліктің маңында оның иесі деуге болатын ешкім болған жоқ", - деді куәгер.





Куәгер жолдаған суреттер
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер келді. Сонымен қатар, оқиға орнында полиция қызметкерлері бар.