Алматы полицейлері Шығыс айналма жолында баланы қағып кеткен жүргізушіні әлі тапқан жоқ

видеодан үзінді

Алматы полицейлері Шы?ыс айналма автожолында 5 жасар баланы ?а?ып кеткен ж?ргізушіні ?лі тап?ан жо?, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері Шығыс айналма автожолында 5 жасар баланы қағып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, оқиға болғаннан күннен бастап бірнеше күн өтіп кетті. 

Осыған дейін полицейлер оқиғаны көрген куәгерлер болса хабарласуын сұраған. 

"Алматы Ішкі істер департаменті 2018 жылы 16 шілдеде 09:10-да Одесская және Брянская көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздестіріп жатыр. Қандай да бір мәліметті білген адамдар мына нөмірлерге хабарласуына болады: +7 701 888 4882, 254-40-09, 254-40-42 және 102", - деді Алматы ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен". Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.  

Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған. 

"Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері 5 жасар баламен болған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Жедел кешенді және тергеу шараларының аясында жүргізуші мен куәгерлер, сондай-ақ. қылмыстың мән-жайы анықталып, ҚР қылмыстық заңнамасына сәйкес, кінәлі адамға қатысты шаралар қабылданады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама