16 шілде 2018 17:04

"Көрпеге орап, ағаш түбіне тастап кеткен". Алматы маңында баланы көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Шығыс айналма автожолында 4 жасар баланы көлік қағып кетті. Отбасы куәгерлерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Шығыс айналма автожолында 4 жасар баланы көлік қағып кетті. Отбасы куәгерлерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баланың әкесінің айтуынша, бүгін, 16 маусымда сағат 11.00 шамасында үйінен шығып кетіп, Малая станицаға қарай жұмысқа барған. Ер адам артынан Мұхамед есімді баласының ергенін байқамаған. Ал жұмысында Мұрат Асқароғлы әлеуметтік желілерде баласын көлік қағып кеткені жайлы хабарды көрген. Ер адам өз баласын таныған.

"Видеоны көрсеткенде балам екенін бірден ұқтым. Есінен танып қалған. Бірден ауруханаға жеттім. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтты. Ота жасапты, ұзақ уақыт жасады. Барлығы дұрыс сияқты, алғысым шексіз. Әзірше балама кіргізбейді. Бастысы есін жиғаны", - деді Мұрат Асқароғлы.

Баланың әкесі Медеу аудандық ІІБ-ге арыз қалдырды. Ол куәгерлердің хабар беруін сұрап отыр. 

Әлеуметтік желілерде тараған хабарламаға қарағанда, шығыс айналма автожолында көлік қағып кеткен баланы көрпеге орап, ағаш түбіне тастап кеткен. Алайда жол апатының бала табылған жерден шалғай жерде болғаны айтылады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети