Алматы полициясы әйелдердің көлік ішінде төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы әйелдердің көлік ішінде төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр © Видео кадрынан

Алматы полициясы әйелдердің көлік ішінде төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы әйелдердің көлік ішінде төбелескені түсірілген видеоны тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі eap_kz парақшасында "Ережесіз жекпе-жек" деген атаумен жарияланды. Роликтің астында жазылған пікірлерде оқиғаның Алматы-Қаскелең бағытындағы таксиде болғаны айтылған.

Видеодан жанжал кезінде әйелдердің бірі екіншісін төбелеп тастағанын көруге болады. Оқиға басқа жолаушылардың көз алдында болды, олардың ішінде кішкенай сәби де бар. Соңында жүргізуші әйелдерден көліктен түсуді талап етті.

Алматы ІІД құқық қорғау органдары қызметкерлерінің видеоны тексеретінін, дегенмен оқиғаның нақты Алматы облысында болғаны әзірше белгізіз екенін хабарлады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети