Алматы-Қарағанды тас жолында болған жол апаты: Отбасынан айырылған бала есін жиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қарағанды тас жолында болған жол апаты: Отбасынан айырылған бала есін жиды © Тұрар Қазанғапов

Алматы-Қарағанды тас жолында жол апатынан зардап шеккен 4 жасар бала есін жиды және палатаға ауыстырылды. Айта кетейік, жол апатынан қаза тапқан қалған алты адам мен бұл бала бір отбасының адамдары, олардың барлығының да тегі бірдей, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алайда, дәрігерлер қаза болғандардың арасынан баланың ата-анасының бар-жоғын нақтылап айтпады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қарағанды тас жолында жол апатынан зардап шеккен 4 жасар бала есін жиды және палатаға ауыстырылды. Айта кетейік, жол апатынан қаза тапқан қалған алты адам мен бұл бала бір отбасының адамдары, олардың барлығының да тегі бірдей, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алайда, дәрігерлер қаза болғандардың арасынан баланың ата-анасының бар-жоғын нақтылап айтпады.

"2012 жылы туған бала Балқаш қаласының орталық ауруханасына сағат 12.00 жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оның халі ауыр болатын. Баланың жабық бассүйек ми жарақаты болған, сонымен қатар миы шайқалған, оң жақ кеудесінің зақымданған, денесінің көп жері сыдырылған және зақымданудан есеңгіреген. Ол дереу жансақтау бөліміне жатқызылған еді. Кейін ол палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы тұрақты. Есін жиды. Жағдайы анағұрлым жақсы. Ол сөйлеп, сұрақтарға жауап беріп жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың алдын ала болжамы бойынша ол ауруханада 10 күндей болады.

Аурухана басшысының, Асқар Махмұтовтың айтуынша, балаға туыстары келген. Олар сенбіден бері баланың жанында. Қаза тапқан төрт адамның 38, 31, 28, және 20 жаста болғаны белгілі болды. Көлікті 28 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан. Қайтыс болған балалардың жасы белгісіз. 

Еске сала кетейік, жол апаты 9 шілдеде Алматы-Қарағанды тас жолында болған, оқиға салдарынан алты адам қаза тапқан, оның ішінде екі бала бар. Жол апаты Гүлшат ауылының маңында, Қарағандыдан 400 шаршы шақырым жерде болған. Облыстық ІІД мәліметі бойынша, оқиға Lexus автокөлігінің дөңгелегінің жарылуына байланысты болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, автокөлік жол шетіндегі жыраға түсіп кеткен. Қаза болғандар Алматыдан Астанаға кетіп бара жатқан. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети