"Алматы - Талдықорған" тасжолында жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы - Талдықорған" тасжолында жаяу жүргіншіні екі көлік қағып кеткен © zarulim.com.ua

Алматы облысында адам өліміне әкелген жол апаты болған жерден қашып кеткен Mercedes Gelandewagen мен "КамАз" жүргізушілері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында адам өліміне әкелген жол апаты болған жерден қашып кеткен Mercedes Gelandewagen мен "КамАз" жүргізушілері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты "Алматы-Өскемен" тасжолында болған. 24 қаңтарда кешкі уақытта тасжолдың 189-шақырымында ер адамның денесі табылған. Кейінірек оның Көксу ауданының 51 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ер адамды бастапқыда Gelandewagen, кейін жүк көлігінің жүргізушісі қағып кеткені белгілі болды.

Полициядағылардың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Жүргізушілердің бірінің құқық қорғау органдарына қатысы бар екені жайлы мәлімет шындыққа жанаспайды. Тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети