Алматы тауларында ер адам құлап кетіп, мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларында ер адам құлап кетіп, мерт болды © ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алматыға жақын жердегі тауларда ер адамның денесі табылды, бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға жақын жердегі тауларда ер адамның денесі табылды, бұл мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растап берді.

Оның мәліметі бойынша, 3 тамыз сағат 20.20-да Талғар шатқалының "Школьник" шыңында 1970 жылы туған ер адамның денесі табылған. Иманқұловтың айтуынша, ер адам "Школьник" шыңынан түсіп келе жатқан уақытта құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапқан.

Іздестіру операциясына "Шымбұлақ" таулы-шаңғы демалыс орнының құтқарушылары (7 адам және 1 техника), Республикалық іздестіру-құтқару бөлімі (8 адам және 1 техника) жұмылдырылған.

Сонымен қатар, Республикалық іздестіру-құтқару бөлімі сағат 20.50-де ер адамның денесін Талғар аудандық полицейлеріне тапсырған.

Еске салайық, Алматы облысында таулы аймақта 17 жастағы студент қаза тапқан болатын. Сондай-ақ, 1 тамыз күні "Пионер" шыңына шығу барысында альпинист 1987 жылы туған Латвия азаматы қаза тапқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети