Almaty Towers ғимаратындағы өртке байланысты "Батут орталығы" директоры ұсталды

© Tengrinews.kz/tv

Almaty Towers бизнес орталы?ында?ы "Батут орталы?ы" директоры ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Almaty Towers бизнес орталығындағы "Батут орталығы" директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 12 қарашасында "Батут орталығы" ЖШС директоры, 1983 жылғы азамат Тұяқов Д. ұсталды және ҚР ҚПК-нің 128-бабының негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ІІД-нің таратқан хабарламасында.

Сонымен қатар, оның ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу") бойынша айыпталып отырғаны хабарланды. Бұл бап бойынша айыбы дәлелденсе белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Реклама
Реклама

Полицейлердің айтуынша, ол таяу уақытта соталды тергеу кезеңіне бұлтартпау шарасын таңдау үшін сот алдына келеді. Айта кетейік, қылмыстық істің өндірісі Алматы қалалық ІІД-нің Анықтау басқармасына тапсырылды. 

Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty Towers ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды. Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.

Айта кетейік, университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді. Ал кейін Almaty Towers басшылығының қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңгеден беретіні белгілі болды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама