09 қараша 2016 16:30

Almaty Towers басшылығы қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңгеден береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке Almaty Towers басқарма компаниясының өкілі Аблимит Рахматуллаев өрт болған ғимаратқа барған кезде  айтты.


Almaty Towers ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңгеден беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке Almaty Towers басқарма компаниясының өкілі Аблимит Рахматуллаев өрт болған ғимаратқа барған кезде  айтты.

Қала әкімі қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға жан-жақты көмек беруді тапсырды. "Дәл қазір қаза тапқандардың отбасыларына барынша көмек көрсету керек, жерлеу мәселесі мен басқа шығындарға қатысты мәселелерді шешу қажет. Ешкімді назардан тыс қалдырмаңдар. Комиссия өкілдері барлық мәселені ашық әрі әділ шешіп, қысқа мерзім ішінде толық есеп берсін", - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Almaty Towers басқарма компаниясының өкілі өрттен қаза тапқандардың отбасына бүгін материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеді.

"Қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамыз. Біздің компанияның басшылығымен қаза тапқандардың отбасының әрқайсысына 3 милллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Ол төлемдер бүгіннен бастап аударылады", - деді  Рахматуллаев.

Сондай-ақ, "Батутный центр" ЖШС директоры Дәурен Тұяқов та өз тараптарынан жерлеу рәсіміне көмек көрсетіп, зардап шеккендерге өтемақы төлейтіндерін айтты. Айта кетейік, қаза тапқан студенттер оқыған ЖОО-лар да материалдық көмек көрсетеді.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіровтің айтуынша, бүгінде өрттің неден болғаны жайлы екі нұсқа бар: өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы немесе апатты күйдегі электротехникалық құралдардың қолданылуы. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаментінің сынақ лабораториясы өрт болған жерде жұмыс істеді. Оқиға орнын тексеру жұмыстары аяқталды, зерттеулер жүргізіліп жатыр. ҚР ІІМ ТЖК  Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институтының мамандары да зерттеу жұмыстарына жұмылды", - деді Серік Әубәкіров.

Сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД басшысының орынбасары Ізбасар Бектұровтың айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, қаза тапқандардың аты-жөні анықталды.

Еске салайық, 2016 жылдың 6 қарашасында Almaty Towers ғимаратында өрт шығып, 80 адамның эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, өрттен кейін төрт адамның мәйіті табылғаны айтылды. Ал кейінірек ғимаратындағы өрттен қаза тапқандардың студенттер екені анықталды.

Айта кетейік, университеттердің басшылығы мен ұжымдары қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл білдіріп, студенттердің отбасына материалдық көмек беріп жатыр. Осылайша, ҚазҰМУ-дың экономикалық кеңесі көз жұмған студенттің отбасына 300 мың теңгедей бөлді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети