06 қараша 2016 18:51

"Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматы Тауэрс" ғимаратында өрт шығып, 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық  ТЖД-нің мәліметінше, 18.04-те "101" пультіне Бостандық ауданы Байзақов көшесі 280 үйде өрт шықты деген хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, өрт сөндіру шаралары басталған. Толық мәліметтер кейінірек хабарланады. 

"Өрт сөндірушілер келген уақытта жағдай былай болған: бесқабатты ғимараттың шатыры (кровля) ашық өртеніп жатқан, өрттің бір қабат төмен орналасқан мейрамханаға жайылып кету қауіпі бар. 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген", - деді Алматы қаласының ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети