Алматы тұрғындары алапат өртті видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары алапат өртті видеоға түсіріп алды Куәгерлер жолдаған сурет

Алматының тұрғындары алапат өртті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, қара түтінді оқиға орнынан бірнеше шақырым қашықтықтан байқауға болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының тұрғындары алапат өртті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Куәгерлердің айтуынша, қара түтінді оқиға орнынан бірнеше шақырым қашықтықтан байқауға болады.

Куәгер жолдаған видео

Алматы ТЖД алдын ала мәліметі бойынша, Әуезов ауданындағы Достық ықшамауданында жер үйдің ауласындағы шаруашылық заттары өртеніп жатыр. Қазір ол жерде өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер мен өрттің аумағына қатысты ақпарат әзірше келіп түскен жоқ.

Куәгер жолдаған видео

Астана уақыты бойынша, сағат 13.20-дағы жағдайға сәйкес, шаруашылық заттарының өртеніп, тілсіз жаудың жер үйді де шарпығаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы - 150 шаршы метр. "ТЖД қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрт сағат 11.47-де ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети