Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді © yvision.kz

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мамандары бірінші жерасты дүмпуін 26 шілдеде Алматы уақыты бойынша сағат 23.29-да тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 109 шақырым жерде солтүстік-шығыс аумақта болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 11,4, тереңдігі - 15 шақырым, магнитудасы 5,4-ке тең. Жер сілкінісі 2 балл түрінде сезілген.

Екінші жерасты дүмпуі 26 шілдеде сағат  23.32-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа 111 шақырым жерде - Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шолақ ауылының маңында болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 12,1, тереңдігі - 30 шақырым, магнитудасы 5,7-ге тең. Жер сілкінісі 2-3 балл түрінде сезілді.

Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ екені айтылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети