Алматыда №1 балалар үйінің бұрынғы директорына қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда №1 балалар үйінің бұрынғы директорына қатысты сот үкімі шықты

Алшматының Бостандық аудандық № 2 сотында № 1 балалар үйінің бұрынғы директоры Гүлмаржан Шунаеваға және қалалық білім басқармасындағы қорғаншылық және қамқоршылық интернаттық мекемелер бөлімінің бас маманы Сәуле Мұхақожаеваға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот Гүлмаржан Шунаеваның ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"); 369-бабы 2-бөліні ("Қызметтiк жалғандық жасау) және 434-бабы 1-бөлігі ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша кінәлі деп танылды. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды және мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Шунаева ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігі ("Қызметтегi әрекетсiздiк") бойынша ақталып шықты. 

Сәуле Мұхақожаева ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша 2,5 жылға шартты түрде сотталды. Оның мүлкі тәркіленеді. 

Сот үкімі 15 күннің ішінде қайтар қарау үшін сотқа арыз берілуі мүмкін. 

2016 жылы шілдеде № 1 балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық әрекеттері үшін Гүлмаржан Шунаеваның қызметінен босатқан еді. 

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында балалар үйінің тәрбиешісі сексуалдық зорлық зомбылық әрекеттері үшін 15 жылға сотталған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети