Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді ©Tengrinews.kz

Бүгін Алматыда күші MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болатын жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Алматыда күші MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болатын жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"05.05.2014 күні сағат 02.23-те Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды, оның эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 288 шақырым қашықтықта анықталды, энергетикалық класы 13,2-ге тең, магнитудасы - 6,1", - делінген министрліктің хабарламасында.

Жерасты дүмпулерінің ошағы бес шақырым тереңдікте болған. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция мамандарының мәліметінше, тербеліс Алматыда MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 балл түрінде сезілген. Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Алматыдан 140 шақырым қашықтықта магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі тіркелген еді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети