Алматыда 2 гектар қоқыс үйіндісінің өртеніп жатқанына екі тәулік болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2 гектар қоқыс үйіндісінің өртеніп жатқанына екі тәулік болды ©tengrinews.kz

Алматыдағы "Көкжиек" мөлтек ауданында қоқыс үйіндісі жанып, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатқанына екі тәулік болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Қаланың ортасынан бұлыңғыр түтін көрінеді. Өрт ауданы осы ақпаратты жариялаған сәтте екі гектарға жетті. Департаменттегілер жалынның тұрғын үй аумақтарына таралу қауіпі жоқ деп сендірді.

Оқиға орнында екі бульдозер, экскаваторлар әрекет етуде. Зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети