Алматыда 7 көлікті қиратып кеткен жүргізуші өзін жайсыз сезінген

© "Территория происшествий

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Назарбаев даңғылында бірнеше көлікті қиратып кеткен жүргізушінің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жағдай қалалық әкімдіктің ғимараты маңында болған еді.

Дәрігерлердің айтуынша, жүргізуші өзін жайсыз сезінген.

"Жүргізушіге көмек көрсетілді. Алдын-ала қойылған диагноз - өзін жайсыз сезінген. Ол ауруханаға жатудан бас тартты, бірақ амбулаторлық ем алуға жіберілді", - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы әкімдігінің маңында жүк көлігінің 7 автомобильді қиратып кеткені хабарланған болатын. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, қиратылған көліктердің ішінде ешкім болмаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама