06 тамыз 2018 13:35

Алматы әкімдігінің маңында жүк көлігі 7 автомобильді қиратып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында жүк көлігі жол бойында тұрған көліктерді қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жағдай қалалық әкімдіктің ғимараты маңында болған.

Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында фураның Назарбаев даңғылының бойында тұрған бірнеше көлікті қиратқаны түсірілген видео пайда болды.

Сондай-ақ, жарияланған видео жүк көлігінің жолдың ортасында тұрғанын көруге болады. Сол маңда жиналған адамдардың кабина есігіні аша алмай жатқанын байқауға болады. 

"Жүргізуші Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бірақ бірде оның жағдайы нашарлап, шығыс жаққа қарай бұрылған. Сол кезде ол көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетінде тұрған жеті көлікті қиратып кеткен. Көліктердің ішінде ешкім болмаған", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети