Алматыда 9 жасар баланың аяғын автобус басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 9 жасар баланың аяғын автобус басып кетті Автобус жүргізушісі, Көрініс КТК телеарнасынан алынды

Алматыдағы Сейфуллин мен Жұмабаев көшесінің қиылысында орын алған жол көлік апаты кезінде 9 жастағы баланың аяғын автобус басып өтті, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Сейфуллин мен Жұмабаев көшесінің қиылысында орын алған жол көлік апаты кезінде 9 жастағы баланың аяғын автобус басып өтті, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

№18-ші бағытының автобус жүргізушісі ұл баланың екі бірдей аяғын басып кеткен. "Бұл оқиға Түрксіб ауданы аумағында тамыздың 4-і күні сағат 17.30-да болған. 1967 жылы туған жүргізуші есікті ашық қалдырғандықтан ұл бала автобустан құлап кетіп, көліктің арты дөңгелегінің астында қалған. Жарақаттанған бала қазір №1 ауруханада жатыр", - деді Әзірбек.

КТК телеарнасы анықтағанындай, ұл бала автобус салонына кіре бергенде жүргізуші есікті жаппастан кенеттен жүйтки жөнелгенде кішкентай жолаушы автобустың астында қалып қойған. Сол сәтте автобус жүргізушісі балаға медициналық көмек көрсетудің орнына, өзін ақтаумен болды. "Мен оның қалай құлап қалғанын байқамай қалдым. Алдымен артқы терезеге қарадым да, содан кейін оң қапталдағы айнаға қарадым. Мен сол кезде ғана ұл баланың дөңгелек астында жатқанын көрдім. Шынын айтсам өзім де түсінбей қалдым не болғанын", - деді өз өзін ақтамақ болған автобус жүргізушісі.

Балаға алғашқы медициналық көмекті көшеде кетіп бара жатқан тұрғындар көрсеткен. Және олар баланы ауруханаға алып кеткенше бақылауда ұстады. Оқушыға ота жасалды. Дәл қазір бала өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың көп қан жоғалқанын айтып отыр.

<iframe width="420" height="315" src="//www.youtube.com/embed/C6fSRHMwq9w" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>

Қазіргі таңда "Жол жүру ережесі бұзылуына байланысты адам денсаулығына қауіп төндірілді" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Жүргізуші тергеуде.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети