Алматыда "Адем" сауда орталығындағы өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Адем" сауда орталығындағы өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды © Дмитрий Хегай

Алматыдағы "Адем" сауда орталығындағы өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Адем" сауда орталығындағы өртке байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне бірден екі бап бойынша тіркелді: ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі - Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу және 204-бап - Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.

"Тергеу Алматы қалалық ІІД Тергеу басқармасымен өндіріске қабылданды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өрт салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың жоқ екені анықталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Кейін сауда орталығында өрт қауіпсіздік ережесін бұзу дерегі анықталып, автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесінің істен шыққаны расталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети