Алматыда әйелімен жанжалдасқан ер адам көшедегі көліктерге пышақпен шабуылдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әйелімен жанжалдасқан ер адам көшедегі көліктерге пышақпен шабуылдаған

Куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына Алматы көшелерінің бірінде болған оқиғаның видеосын жолдады. Оның айтуынша, бұл видео шамамен сағат 20.30-да Maxima сауда-ойын орталығының аумағында түсірілген.

"Мен оны айналып өттім, себебі ол маған пышақпен ала жүгірді. Артынша 150-ші сериялы Land Cruiser Prado келді. Ол сол көлік жүріп бара жатқан жерінен пышақпен жүгіріп, онымен қоймай, өтіп бара жатқан көліктің барлығын тоқтатқан. Адамдарды қорқытып, көліктен шығуын талап еткен. Түрі ызалы болды. Қолындағы пышағы үлкен. Сол үшін жолда кептеліс пайда болды", - дейді куәгер.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, 34 жастағы ер адам ұсталып, Мақатаев көшесіндегі наркологиялық диспансерге жеткізілді. Себебі ол қатты мас болған. Ер адамның әйелімен жанжалдасқан соң, көшеге пышақпен шығып кеткені белгілі болды. Ол Райымбек көшесінде орналасқан үйлердің бірінде тұрады.

Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған ер адамға қатысты ешқандай арыз түспеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети