Алматыда ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат табылған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат табылған жоқ Оқиға орын алған жер қоршауға алынған. ©Владимир Прокопенко

Достық даңғылының бойында орналасқан ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Достық даңғылының бойында орналасқан ақша айырбастайтын пункттен жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

"Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір полиция жарылғыш зат туралы хабарлаған азаматты анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Өткен жылы осы секілді жалған хабарлама таратқаны үшін алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - деді С.Әзірбек.

Жарылғыш зат іздестірілген ақша айырбастау пункті Достық даңғылының бойында Қажымұқан көшесіне жетпей орналасқан. Ғимаратты полиция қоршауға алған, сонымен бірге ол жерге бірнеше өрт сөндіру тобы келген. Айта кетейік, ақша айырбастау пунктінің қасында Kaspi bank-тің бөлімшесі бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети