Алматыда арнайы операция: Полиция қылмыстық топтың мүшелерін ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция: Полиция қылмыстық топтың мүшелерін ұстады © "Территория происшествий"

Алматы полициясы қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Арнайы операция Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында болды. 

"Менің үйімнің жанында үш ер адам жатыр, кісен салынған, полиция, кептеліс", - деп жазды Instagram желісінде журналист Марина Михтаева.


© "Территория происшествий"

Өз кезегінде Алматы полициясының өкілдері қылмыстық топтың үш мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілгенін хабарлады. 

"Криминалдық полиция басқармасы қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Олар - Алматы облысының тұрғындары, пәтер мен көліктерді тонап жүрген. Тағы бір нұсқа бойынша, олар көліктерді техникалық құралдармен скандау арқылы ашып, тонаған. Олар көлікпен кетіп бара жатқанда алдына тосқауыл қойылып, ұсталды", - деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети