Алматыда автобус Daewoo Nexia көлігін соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус Daewoo Nexia көлігін соқты © СТВ / "Территория происшествий"

Алматыда жолаушылары бар автобус такси болып жүрген Daewoo Nexia көлігін соққан, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылары бар автобус такси болып жүрген Daewoo Nexia көлігін соққан, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында болған. 119 бағыттағы автобус қоғамдыө көлік жүретін жолақпен батысқа қарай жүріп келе жатқан. Кенет алдына Daewoo Nexia көлігі шыға келген. Автобус жүргізушісі жедел әрекет ете алмай қалып, жеңіл көлікті соққан. 

Соққы кезінде автобус жолаушыларының бірі басын соғып алған. Жедел жәрдем келген соң оған алғашқы көмек көрсетілді. Осыдан кейін қыз ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети