Алматыда автобус пен екі автокөлік жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус пен екі автокөлік жол апатына ұшырады © Facebook

Алматыда автобус пен екі жеңіл автокөлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус пен екі жеңіл автокөлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңертең Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің қиылысында болды. "Ол жерде 3 автокөлік тұрды: Mercedes, оның бір жағы түгелдей қираған, артқы есігі жұлынып, барлық жастықшалары ашылыпты, Toyota Camry мен автобустың да алдыңғы бөліктері түгелдей қираған. Барлығы шығыс жақ бағытта тұрды. Жол қозғалысы батыстан қалаға қарай қиындап, шығыстан Достық даңғылына дейін жалғасты", - деді куәгер Мағжан Әуелбеков. 

 
Сурет әлеуметтік желіден алынған

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендер бар, алайда олардың жағдайы әзірше белгісіз. Жол апатының себептері анықталып, оқиға орнында жол-патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети