Алматыда автобус пен екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус пен екі жеңіл автокөлік соқтығысып қалды ©"Территория происшествий"

Алматыда жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 3 мамыр күні кешкісін болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 3 мамыр күні кешкісін болды.

№ 95 автобус Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан. Сол кезде екінші дәрежелі көшеден Mercedes шыға келіп, негізгі жолдағы автобусты өткізіп жібермеген. Соқтығысудан сақтанған автобус жүргізушісі қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болған, бірақ бәрібір Mercedes пен Toyota-ға соғылады. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, 25 сәуірде Алматыда тежегіші істен шыққан №118 автобус ағашқа соғылған еді. Жүргізуші ірі апатқа жол бермеу үшін рулін аллеяға бұрып жіберіп, жаяулар өтетін жолдың қоршауын бұзып, ағашқа соғылды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети