Алматыда автобус жүргізушісі жол ережесін бір минут ішінде екі рет бұзды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобус жүргізушісі жол ережесін бір минут ішінде екі рет бұзды Видеодан кадр

Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы қоғамдық көліктің жол ережесін бұзғаны туралы кезекті видео келіп түсті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясына Алматыдағы қоғамдық көліктің жол ережесін бұзғаны туралы кезекті видео келіп түсті.

Бұл жолы № 32 бағыттағы автобус Фурманов көшесімен солтүстікке қарай жүріп бара жатып, Мәметов көшесіне сол жаққа бұрылған. Ал аталған жол қиылысында бұрылуға тыйым салынған. Дегенмен, автобус жүргізушісі мұнымен шектелмей, Панфилов көшесіне жеткеннен кейін бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, оң жаққа бұрылған.

Айта кетейік, автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзуын куәгерлер жиі видеоға түсіріп алады. Мәселен, 5 желтоқсанда № 121 бағыттағы автобус Сәтбаев көшесімен келе жатып, Достық көшесіндегі көлік кептелісін айналып өту үшін қарсы бағытқа шығып кеткен еді. Кейін ол жүргізушіні ҚР Әкімшілік жауапкершіліктер туралы кодексіне сәйкес жауапқа тартылып, жүргізуші құқығынан бір жылға айырғаны хабарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети