Алматыда автобустың 15 жолаушысы зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобустың 15 жолаушысы зардап шекті ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың 15 жолаушысы зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың 15 жолаушысы зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйек күні 13.20 шамасында Богдан Хмельницкий көшесінің Майлин көшесімен қиылысатын тұсына таяу жерде болды. Автобус жүргізушісі бұрылыста басқаруға ие бола алмай, жол белгісіне соғылды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, автобус қатты жылдамдықпен келе жатқан болуы немесе жаңбырдан кейінгі асфальттың тайғақтығы да әсер еткен болуы мүмкін. Зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, осы жылдың тамыз айында Алматыда автобустардың қатысуымен болған екі жол апаты кезінде тоғыз адам зардап шеккен еді. Әсіресе, Іле күрежолындағы оқиғадан зардап шеккендер көп болды. №303 автобус солтүстік бағытта келе жатып, жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан бес жолаушы ауруханаға түсті. Жүргізушіге оқиға орнында медициналық жәрдем көрсетілді. Екінші жол-көлік оқиғасында үш адам зардап шекті, оның екеуі - жасөспірім. Автобус Toyota машинасына соғылған.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети