Алматыда автомобиль гүл сататын дүкенді соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автомобиль гүл сататын дүкенді соқты © "Территория происшествий" бағдарламасының суреттері.

Алматыда автомобиль гүл сататын дүкенді соқты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты бүгін Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автомобиль гүл сататын дүкенді соқты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты бүгін Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

Mercedes маркалы көлік Төле би көшесімен батысқа қарай жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға қарай, оңтүстікке бұрғысы келген. Осы уақытта Төле би көшесімен шығысқа қарай Nexia жүріп келе жатқан. Көліктердің әзірше неліктен соғысып қалған белгісіз. Mercedes Nexia көлігінің артқы оң жағынан соққан, салдарынан ол гүл сататын дүкенге барып соқтығысқан. 


© "Территория происшествий" бағдарламасының суреттері.

"Территория происшествий" бағдарламасының  тілшілерінің айтуынша, ешкім зардап шекпеді. Nexia жүргізушісі кішігірім жарақат алса да, ауруханаға барудан бас тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети