Алматыда банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты соталды тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты соталды тергеу басталды Банк бөлімшесі. © Tengrinews.kz

Алматы қалалық Ішкі істер департаментінде "Центркредит" бөлімшелерінің біріндегі банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шабуыл жасағандар банк күзетшісінен травматикалық тапаншаны тартып алып, оқиға орнына жасырынды. Қазіргі уақытта күдіктілерді анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы банктердің біріне шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз екеу күзетшінің қаруын алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған болатын. Ал кейінірек куәгер банк күзетшісіне жасалған шабуыл жайлы айтып берген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети