Алматыда бір әйел Достық даңғылының бойында жатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бір әйел Достық даңғылының бойында жатып алды © Tengrinews TV/YouTube

Tengrinews.kz редакциясына бір әйелдің Алматыда жол бойында жатып алғаны түсірілген видео жолданды. Ол өз әрекетімен апаттық жағдай жасаған - азаматша жол бойында жатып, жүргізушілер оны айналып өтуге мәжбүр болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz редакциясына бір әйелдің Алматыда жол бойында жатып алғаны түсірілген видео жолданды. Ол өз әрекетімен апаттық жағдай жасаған - азаматша жол бойында жатып, жүргізушілер оны айналып өтуге мәжбүр болған. 

Куәгердің айтуынша, оқиға 2 ақпанда шамамен сағат 20.00-де Достық даңғылының бойында Қабанбай көшесінің қиылысына жақын маңда болған. Кадрларда бір әйелдің мас күйде даңғылдың қақ ортасына шығып, жүргізушілердің жолын жапқаны көрінеді. Кейін азаматша жол бойында отырып, тіпті шалқалап жатып алады. Автомобильдер болса оны баяулап айналып өтіп жатыр. Куәгерлер оны бірнеше рет тұрғызып алмақшы болса да, әйел дегенінен қайтпайды. Екі минут өткеннен кейін белгісіз ер адам оны жолдың шетіне шығарады. 

Алматы қалалық ІІД өкілдері бұл дерек бойынша 102 номеріне хабарламаның келіп түспегенін айтып отыр. "Бірақ мұнда әйелдің құқыққа қайшы әрекет жасағаны айдан анық. Мұны ұсақ бұзақылық деп бағалауға болады - қоғамдық тәртіпті бұзу, қоршаған ортаға құрметсіздік көрсету. Ол өз өміріне де, жол қозғалысының өзге қатысушыларының өміріне де қауіп төндірді. Жүргізушілердің сақ әрекет еткені жақсы болған", - деп мәлімдеді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері материалды зерттеуді бастап кетті. Алдағы уақытта әйелдің ісіне құқықтық баға беріледі. ІІД өкілдері мұндай жағдайлардың куәгерлеріне оқиғаны полицияға хабарлауды сұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети