Алматыда бірінші сынып оқушысын қағып кеткен күдікті ұсталды

Алматы полициясы сегіз жаста?ы ?ызды ?а?ып кеткен ж?ргізушіні ?стады, - деп хабарлайды Tengrinnews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Ол Ал?абас ауылыны? 44 жаста?ы т?р?ыны екен.

Алматы полициясы сегіз жастағы қызды қағып кеткен жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinnews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол Алғабас ауылының 44 жастағы тұрғыны екен.

"Кешенді жедел-тергеу шаралары барысында Алғабас ауылының тұрғыны 1973 жылғы азамат ұсталды. Ол өзінің "Мазда-626"  маркалы көлігін келесі Көксай елді мекеніндегі туыстарының үйіне жасырып қойған. Авотмобиль сотқа дейінгі тергеу материалдарына заттай дәлел ретінде тәркіленді. Анықтау бөлімшесі осы іс бойынша сараптамаларды тағайындаған", - деді полициядағылар.

Жүргізуші өз кінәсін мойындаған. "Ол қорқыныштан оқиға орнынан қашып кеткенін мойындады. Бұрындары ер адамныңқылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды", - дейді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің іздеу бөлімінің басшысы полиция подполковнигі Ерік Насырбеков.

Реклама
Реклама

Алматы ІІД-ның Анықтау басқармасының басшысы полиция подполковнигі Рустам Абдрахманов жүргізуші екі бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды: ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") және 347-бабының ("Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу"). Тергеу шаралары жалғасады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама