Алматыда бизнес-орталықтағы құрылыста үш адам құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бизнес-орталықтағы құрылыста үш адам құлап кетті © Tengrinews.kz

Алматыдағы "Сейфуллин плаза" бизнес-орталығындағы құрылыста үш адам құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Сейфуллин плаза" бизнес-орталығындағы құрылыста үш адам құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


© Шоқан Алхабаев

Оның айтуынша, оқиға Сейфуллин көшесі, №504 үйде болған. "Құрылыс жұмыстары кезінде үш жұмысшы көтергішпен көтеріліп жатты. Екінші қабатқа келгенде көтергіш үзіліп кетті. Олар 2-қабаттың биіктігіндей жерден құлап кетті", - деді ІІД өкілдері. Үшеуінің түрлі жарақаттар алғаны айтылады. Олар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиға орнында үш жедел жәрдем бригадасының жұмыс істегенін айтты. Зардап шеккен екі адам ауруханаға, ал үшінші жұмысшы Алматының көп профильді клиникасына жеткізілген. "Қазіргі уақытта олар тексерістен өтіп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.


© Шоқан Алхабаев

Еске салайық, кеше, 18 мамырда Rixos қонақүйінің шатырынан ер адам құлап кеткен болатын. Оқиға бүгін шамамен түс мезгілінде болған. Дереккөз мәліметінше, 39 жастағы ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып құлап кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети