Алматыда BMW жоғары жылдамдықпен бағанаға соғылды: Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда BMW жоғары жылдамдықпен бағанаға соғылды: Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды © "Территория происшествий"

Дүйсенбіге қараған түні Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қилысында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүйсенбіге қараған түні Алматыдағы Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қилысында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Момышұлы көшесінің бойымен оңтүстікке қарай жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқан BMW автомобилінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалып, бағанаға соқтығысқан. Жол апатының салдарынан үш адам зардап шекті. Олар дереу ауруханаға жеткізілген болатын, дегенмен біреуі кейін қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алғандардың бірінің құлағы жұлынып кеткен.

Айта кетейік, автомобиль бағанаға соғылғаннан кейін өртеніп кеткен. Көлікті қайта қалпына келтіру мүмкін болмай қалды.

Оқиға болған жерде ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын қалалық жол полициясының қызметкерлері анықтайды.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети