Алматыда дауылдан ағаштар құлады және бірнеше автомобильге зақым келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда дауылдан ағаштар құлады және бірнеше автомобильге зақым келді ©Владимир Прокопенко

Алматыда тұрған дауыл ағаштарды құлатып, бірнеше автомобильді бүлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тұрған дауыл ағаштарды құлатып, бірнеше автомобильді бүлдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 маусымда Алматыда жылдамдығы секундына 18 метрге жететін күшті жел тұрды. Қалалық ТЖД мәліметінше, "112" желісіне қала тұрғындарынан төтенше жағдай туралы 23 хабарлама келіп түсті.  

"ТЖ жөніндегі департамент алты ағаштың құлағанын, оның салдарынан үш автомобильге зақым келгенін, электр тоғының тоғыз жерден үзілгенін, бес қабатты тұрғын үйлердің шатырының 110 шаршы метрінің ішінара жұлынғанын тіркеді. "103" пультіне жедел жәрдем көмегі үшін бір әйел хабарласты", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Департамент өкілдерінің айтуынша, қаладағы төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жаңбыр жауатынына байланысты ескерту туралы хабар таратқан. Толассыз жаңбырдан Алматы облысының тау өзендерінде жаңбыр суынан сел жүруі мүмкін екендігі хабарланған болатын. "Осыған байланысты қала тұрғындарынан, қонақтары мен туристерінен таулы аймаққа бармауға және қажетті барлық қауіпсіздік шараларды сақтауды сұраймыз", - делінген ТЖД хабарламасында.

Еске сала кетейік, Алматыда толассыз жауынның салдарынан бірнеше көшені су басты. Таңертеңнен бері әл-Фараби, Райымбек және Рысқұлов даңғылдарында, Төле би көшесінде қозғалыс қиындады. Қалада кептеліс болып жатыр.

"Әл-Фараби даңғылының Фурманов көшесімен қиылысында екі бағытта да жол жүру мүмкін емес. Су белшеден. Жеңіл автомобильдер суға батып қалды. Жол-қозғалысы тоқтап қалды. Жүру бағыттарыңызды түзеп алыңыздар", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети