Алматыда Dostyk Plaza қонақтары эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Dostyk Plaza қонақтары эвакуацияланды Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығы. © Айжан Түгелбаева

Алматыда Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығына келушілер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Сауда орталығында "Назар аударыңыздар, өрт! Жалпы эвакуация. Ғимаратты босатуларыңызды сұраймыз" деген хабарландыру айтылды.

Түтіндеу үшінші қабатта болды. Сауда - ойын-сауық орталығында түтіннің иісі таралып кетті. Алматы ТЖД хабарлауынша, құтқарушыларға ғимарат түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру машиналары келіп жетті.

Айта кетейік, "Dostyk Plaza" сауда - ойын-сауық орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети