Алматыда Dostyk Plaza қонақтары эвакуацияланды

Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығы. © Айжан Түгелбаева

Алматыда Dostyk Plaza сауда - ойын-сауық орталығына келушілер эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Сауда орталығында "Назар аударыңыздар, өрт! Жалпы эвакуация. Ғимаратты босатуларыңызды сұраймыз" деген хабарландыру айтылды.

Түтіндеу үшінші қабатта болды. Сауда - ойын-сауық орталығында түтіннің иісі таралып кетті. Алматы ТЖД хабарлауынша, құтқарушыларға ғимарат түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру машиналары келіп жетті.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Dostyk Plaza" сауда - ойын-сауық орталығы 2014 жылы ашылған. Үш қабатты кешен ғимаратында 174 дүкен, 18 дәмхана және мейрамхана, сондай-ақ 10 залдан тұратын кинотеатр бар.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама