Алматыда екі автобус бетпе-бет соғылды: 18 адам зардап шеккен

© "Территория происшествий".

Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 18 адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылы 22 шілдеде сағат 09.58-де жол апаты туралы жедел жәрдем станциясына хабар келіп түсті, оқиға болған жерге жедел жәрдемнің 10 бригадасы аттанды, бригадалар сағат 10.06-да жетті. Қаладағы емханаларға жеткізілгендер мен көмек сұрап барғандардың саны - 18, олар түрлі жарақат алған", - деп хабарлады басқармадағылар.

Реклама
Реклама

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек көрсетіліп, тексерілді. "Зардап шеккендердің төртеуі ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында үш бала бар, олардың ата-аналары аурухаға жатудан бас тартып, олар үйлеріне босатылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда екі автобустың бетпе-бет соғылғаны хабарланған болатын. Жол апаты таңертең Достық даңғылының бойында Құрманғазы мен Абай көшелерінің ортасында, Қазақстан қонақүйіне қарама-қарсы жерде болды. Автобустардың біреуі аялдамадан өз бетінше жүріп кеткен (жүргізуші автобусты қойып, қол тежегішке тартып, өзі шығып кеткен).

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама