22 шілде 2018 11:17

Алматыда екі автобус бетпе-бет соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Территория происшествий" © Территория происшествий"

Алматыда екі автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматыда екі автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты таңертең Достық даңғылының бойында Құрманғазы мен Абай көшелерінің ортасында, Қазақстан қонақүйіне қарама-қарсы жерде болды. № 12 бағыттағы екі автобус бетпе-бет соғылды.

Куәгерлердің айтуынша, екі автобус соқтығысқан. Олардың сөзіне қарағанда, автобустардың бірі жолдың қарсы бағытына шыққан. Бос автобус жолдың қарсы бағытымен жүріп, екінші автобуспен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, оннан аса адам зардап шекті.

Полиция жолды жауып тастады. "Зардап шеккендер болуы мүмкін, себебі апаттың салдарынан жұлынып кеткен орындықтар бар. Жедел жәрдемнің төрт көлігі тұр", - деді куәгер.

"Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында № 12 бағыттағы екі автобус соғылды, олардың біреуі аялдамадан өз бетінше жүріп кеткен (жүргізуші автобусты қойып, қол тежегішке тартып, өзі шығып кеткен). Қазіргі таңда Алматы қалалық тергеу басқармасы жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалады", - деді Алматы ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Куәгер жолдаған сурет.


© "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети