Алматыда екі ер адам көше бойында төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі ер адам көше бойында төбелес шығарды

Алматыда белгісіз екі ер адам көшеде төбелес шығарған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда белгісіз екі ер адам көшеде төбелес шығарған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында пайда болды.

Видеодағы кадрларға қарағанда, видео Алтын Орда базарының маңында түсірілген. Ер адамдар жүріп бара жатқан көліктерге қарамай, көшенің қиылысына шығып алып төбелес шығарған. Тіпті полицей формасымен жүргендерді елемеген. Алайда бір сәтте полицей оларды тоқтатпақшы болып, ескерту айтып, жолдың бойында тұрмауларын сұрайды. Бірақ олар тәртіп сақшыларын тыңдамай, ары қарай төбелесе береді.

Ал кейінірек төбелестің жалғасының видеосы пайда болды. Бірақ төбелестің сонымен немен аяқталғаны белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети