Алматыда екі ірі жол апаты болды: Төрт адам ауруханада жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі ірі жол апаты болды: Төрт адам ауруханада жатыр

Кеше Алматы орталығында кешкі уақытта екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше Алматы орталығында кешкі уақытта екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Бірінші жол апаты Пушкин мен Шевченко көшелерінің қиылысында болған. Volkswagen жүргізушісі "Стоп" белгісін елемей немесе байқамай, қиылысқа шығып кетіп, Nissan Tiida жүргізушісімен соғысып қалған. Салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қалған екеуі ауруханаға жатудан бас тартты.

Екінші жол апаты Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі бар жылдамдықпен келе жатып, жарнамалық билбордты соғып кеткен. Бірақ, абырой болғанда, жүргізуші аман қалды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети