Алматыда электрсамокат мінген әйелді көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда электрсамокат мінген әйелді көлік қағып кетті видеодан үзінді

Алматыда Гагарин мен Мыңбаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі электрсамокат мінген әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйел миы шайқалған, - деп хабарлайды kolesa.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Гагарин мен Мыңбаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі электрсамокат мінген әйелді қағып кетті. Зардап шеккен әйел миы шайқалған, - деп хабарлайды kolesa.kz.

Оқиға 20 қазанда сағат 20:00-де болған. 

Бейнебақылау камерасы түсірген видеода әйел адам электрсамокатпен жоғары жылдамдықпен Гагарин көшесінің бойымен төмен қарай кетіп бара жатқан. Мыңбаев көшесіне жеткен уақытта ол шығыс бағытта осы көшемен кетіп бара жатқан Toyota Camry маркалы автомобилімен соқтығысқан. 

"Миы шайқалған" деген алдын ала диагноз қойылған әйелді жәрдем қызметі алып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети