Алматыда ер адам "Үштөбе" тұрғын үй кешенінің терезесінен құлап өлді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгелер хабарлады.
Жалғасы
Олардың айтуынша, оқиға 16.30 шамасында болған. Ер адам шамамен 20 жаста, азиялық түр-кескінді. Оның құлаққабы болған. "Қысқы киім киген, джинс, күрте", - деп хабарлады куәгерлер. Ол тұрғын үй кешенінің ауласына дәл кіреберістің алдына құлаған.

Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғаға байланысты Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-ден мән-жайды сұрастырып жатыр.